Тәжікстанның көптеген аймағында электр қуатына бейресми лимит енгізілген. Тұрғындар күндіз және түнде жарық бірнеше сағатқа өшетінін айтты. «Барки точик» холдингі олардың уәжін терістеп отыр.
«Қыста мұндай болмаған. Он күннен бері жарық күнде бірнеше сағат сөніп қалып жатыр. Бастапқыда түнгі сағат 10-да жарық сөніп жүрді. Енді күндіз де электр қуатынсыз отырмыз. Жұмыс тоқтап тұр», — дейді Вахдат қаласының тұрғыны Абдухолик Ғафуров.
Тұрғындар жарық сөнетінін ешкім ескертпейді дейді. «Қауіпсіз емес. Жарықтың қашан қосылатынын біле алмаймыз», — дейді тағы бір вахдаттық Сайфиддин Хайдаров.
Оның айтуынша, адамдар түнекте жолдағы шұңқырларға түсіп кетіп жатыр.
«Барки точик» мемлекеттік холдингі электр қуатына лимит енгізілді дегенді жоққа шығарып отыр. «Тәжікстанда электр қуатына лимит жоқ. Адамдар қысы-жазы электр қуатын алып отыр. Жұрттың жазып жатқандары — арандатушылық. Жарыққа қатысты мәселе болса, «Барки точикке» шағымдансыз», — дейді холдингтің баспасөз хатшысы Нозиржон Ёдгори.
Тәжікстан билігі 2017 жылы элект қуатының тапшылығы жақында толық шешілетінін мәлімдеген. Алайда халық электр қуатының жоқтығына осы күнге дейін шағымданып келеді.