Тәжікстан көршілерге 100 млн долларға электр энергиясын экспорттады

Тәжікстан 2022 жылдың соңғы он айында көрші елдерге 101 миллион долларға электр энергиясын экспорттады. Бұл былтырғы жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі көрсеткіштен 10% көп.

Тәжікстанның статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2021 жылдың тоғыз айында көршілерге 91,3 миллион долларға электр энергиясын сатқан.

Бүгінгі күні Тәжікстан аймақтарында электр жарығын қолдануға шектеулер енгізілген. Соңғы апталарда бірқатар аймақтарда электр энергиясын беру тәулігіне бес сағатқа дейін қысқарды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көмір сатып алуға өткен.

12 қазанда мемлекеттік «Барки точик» энергохолдингі елде электр жарығын қолдануға шектеу енгізілгенін растаған. Мекеме бұл амалсыздан енгізілген шара екенін айтқан.

Тәжікстан келісімдерге сәйкес, Ауғанстан мен Өзбекстанға электр энергиясын экспорттайды. Билік күз-қыс мезгілдерінде шетелдерге электр жеткізу көлемі қысқарғанын мәлімдеген. «Барки точик» мәліметіне қарағанда, 2022 жылы Ауғанстанға жазда тәулігіне 400 МВт, күз-қыс мезгілінде 40 МВт электр энергиясы экспортталып жатыр.

Тәжікстан Ауғанстан билігіне келген тәліптерді сынап келе жатқанымен, бұл елге электр энергиясын беруді тоқтатпады. Тәжік билігі бұл шешімді «әлеуметтік мінезге ие екенін» айтып келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий