Тәжікстан мен Қырғызстан арасында тауар айналымы күрт азайған

Тәжік-қырғыз шекарасы бір жылдан бері жабық. Бұл әсіресе Тәжікстанның солтүстік аймағына кері әскерін тигізіп жатыр.

2021 жылы Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы екі елдің ынтымақтастық жылдарындағы ең төменгі деңгейге жетті.

Соғдыдағы статистика басқармасының директоры Накхат Хакимзода өткен жылы Қырғызстанмен тауар айналымы 25,1 млн доллар, экспорт 3,3 млн доллар болғанын, бұл ең төменгі көрсеткіш екенін айтады.

Соғды облысы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысып пайда табады. Қырғызстан шекарасы жабылғаннан бері, түсім де азайған.

Биыл осы өңірдің құқық қорғау органдары ондаған қырғыз азаматы шекарадан заңсыз өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп мәлімдеді.

Былтыр көктемде қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс орын алғаннан кейін қырғыз тарабы бір жақты шекарасын жапқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий