Тәжікстан мен Ресей арасындағы темір жол қатынасы 16 тамызда қайта жанданады

Ресей мен Тәжікстан арасындағы жолаушы пойыздары 16 тамызда қайтадан қатынай бастайды. Екі ел арасындағы темір жол қатынасы 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты үзілген.

Пойыз билетінің бағасы әлі анықталған жоқ.

Тәжікстан көлік министрі Азим Иброхимнің хабарлауынша, алғашқы жолаушы пойызы 16 тамызда Куляб қаласынан Волгоградқа жолға шығады. «Пойыз сейсенбі күні сағат 2.08-де аттанады. Жол жүру уақыты – 72 сағат», деді ол. Душанбеден пойыз сенбі күндері жергідікті уақытпен сағат 10.18-де қатынайды, Волгоградтан сейсенбі күндері шығады. Худжанд-Волгоград- Худжанд жолаушы пойызы 7 қыркүйектен бастап қатынайды.

Ресейдің Волгоград қаласы Мәскеуден 980 шақырым жерде орналасқан. Тәжік қалаларынан шыққан жолаушы пойыздары Өзбекстан мен Қазақстан арқылы өтеді.

Тәжікстан мен Ресейдің басқа да қалалары арасында пойыз қатынар-қатынамасы әзірге белгісіз.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, пойыз билеті 1400-1400 сомониден (шамамен $150) басталады, алайда бағаға қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий