Тәжікстан мен Ресей арасында тұрақты қатынайтын рейс көбейеді

Тәжікстанның авиация билігі 27 тамыздан бастап Душанбе мен Мәскеу арасында аптасына 14 рейс қатынайды деп мәлімдеді.

Тәжікстанға қатынайтын тұрақты рейс артатынын апта басында Ресейдің коронавируспен күрес штабы хабарлаған. Тәжікстан тұрғындары тұрақты рейс көбейген соң әуе билеттері арзандайды деп үміттенеді.

Душанбедегі кассаларда екі-үш ай бұрынғыдай кезек жоқ, дегенмен әуе билеттері қымбат. Билік билет құнын 500 доллардан асырмауға уәде берген.

Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігінің хабарлауынша, 27 тамыздан бастап Душанбе мен Мәскеу арасында аптасына 14 рейс қатынайды. Бұған қоса, Ресейдің басқа да қалаларынан Душанбе, Худжанд және Куляб әуежайларына аптасына бір мәрте рейс шығаруға рұқсат берілген.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы былтыр наурыздың соңында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий