Тәжікстан тәуелсіз телеканалдар мен радиоларды бақылауға ала бастады (видео)

Тәжікстанның Телерадио хабар тарату комитеті тәуелсіз телеканалдар мен радиостанцияларға толық бақылау енгізді.

БАҚ-тардың қызметін шектеу тәртібі лицензияны ұзарту бойынша келісімде жазылған. Оған сәйкес, редакциялар шет тілдегі, оның ішінде орыс тіліндегі материалдарының мәтінін комитет басшылығымен ақылдасуы керек. Олар «мемлекеттік саясат аясында жұмыс істеуі тиіс.

Басқа елдердің ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды жариялауға тыйым салынды. Есесіне, табыс алып келетін коммерциялық жобаларына мемлекеттік БАҚ-ты араластыруы керек.

Бұл құжатқа қол қоюдан бас тартқан телерадиоканалдар ісін тоқтатуға мәжбүр болады.

Тәжікстанда тәуелсіз телеканалдар менен радиостанциялар жыл сайын көктемнің соңында не жаздың басында лицензияларын ұзартады. Биыл 30-дан астам жеке телерадиокомпания келісімдердің жаңа үлгісін алды. Олардың арасында жаңадан ашылған БАҚ көп.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий