Тәжікстандағы Исмаилит кеңесінің президенті арнайы қызметтің тергеуінде болған

Ханзада Ага-Хан IV-нің бұрынғы консулы, Исмаилит кеңесінің Тәжікстандағы президенті Шарофат Мамадамбарова 13-14 тамызда Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сұрауда болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, тергеу кезінде Ага-Хан қорының қызметі мен Таулы Бадахшанда болған оқиғалар жөнінде сұрақтар болған.

«Тергеушілер Ага-Хан қорының жұмысы жайлы сұрады. Одан бөлек Таулы Бадахшанда болған оқиғадан кейін ұсталған тұрғындардың қайсымен таныс екенімді сұрады. Мен Манучехр Холикназаровты жақсы танитынымды, оның әке-шешесімен жоғары оқу орнында бірге оқығанымды жеткіздім. Олардың жақсы отбасынан шыққанын, ұлының қылмыс жасауы мүмкін емес екенін айттым», — деді Мамадамбарова.

Памир заңгерлері бірлестігінің басшысы, Азаптауға қарсы коалициясының және «Комиссия 44-тің» мүшесі Манучехр Холикназаров биыл мамыр айында Хорог қаласында ұсталған.

Бүгінгі күні Тәжікстанда мамыр және маусым айларында Таулы Бадахшанда болған оқиғаларға байланысты 90 азаматтық белсенді «Комиссия 44-тің» мүшелері қамауда отыр.

Биыл мамыр айында Таулы Бадахшан орталығы Хорог және Рушан ауданында жергілікті тұрғындардың наразылық акциясы өткен.

Тәжік билігі аймақта «антитеррористтік операция» бастағанын жариялап, оның нәтижесінде 200-ден астам адам қамалғанын, 16 адам өлтірілгенін мәлімдеген.

Тәжік билігі ұсталғандарды «ұйымдасқан қылмыстық топтың» мүшелері деп атап отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий