Тәжікстандағы Ресейдің әскери базасына зымыранға қарсы құрылғылар жеткізілген

Ауғанстандағы жағдайға байланысты Тәжікстандағы Ресейдің әскери базасына зымыранға қарсы «Корнет» деп аталатын жаңа кешендер жеткізілді. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі Ресейдің Орталық әскери округының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Корнет» кешені қарсы тараптың соғыс техникаларын, тікұшақтарын және зымырандарын жоятын құрал.

5 тамызда Ресейдің қорғаныс министрі ауған тараптан қауіп төніп жатса, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы орыстың әскери базалары қарсы күш қолданатынын жеткізген.

Осыған дейін Ресейдің Орталық әскери округы Тәжікстандағы базаға «Верба» деп аталатын зенит-зымыран кешендерін, «Калашников» АК-12 автоматтары мен заманауи снайперлік мылтықтар жеткізілгенін хабарлаған.

Тәжікстан аумағында Ресейдің ең ірі әскери базасы болып есептелетін 201-база орналасқан. Онда 7,5 мыңға жуық әскери қызметкер бар. Орыс базасының Тәжікстан аймағында жайғасу мерзімі 2042 жылға дейін ұзартылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий