Тәжікстанда қатардағы сарбазды өлімше етіп сабаған сержант 13 жылға сотталды

Мирали Бокиев мечтал стать инженером-дорожником

Тәжікстанда Хатлон әскери гарнизонының соты сержант Сиддик Саъдуллоевты 13 жылға қатаң режимдегі колонияға соттау туралы үкім шығарды. Сот оны 20 жастағы сарбаз Мирәли Бокиевтің өліміне кінәлі деп танылды.

Марқұмның туыстары Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметіне қарасты 0507 әскери бөлімнің тағы екі офицерінің үстінен шағым түсіргісі келеді. Офицерлер қайғылы оқиғаның алдын алмады деп есептейді марқұмның туыстары.

Хатлон әскери гарнизоны сотының хабарлауынша, сот отырысы бір апта бұрын өткен. Оған марқұмның туыстары да қатысқан. Сержант Сиддик Саъдуллоев «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп танылып, 13 жылға сотталды, деп хабарлады соттағы дереккөз. Саъдуллоевтың кінәсін мойындаған-мойындамағаны белгісіз.

Марқұмның әкесі Келдиёр Бокиев сот үкіміне көңілі толатынын, бірақ әскери бөлімнің екі офицері жауапқа тартылмағанына өкінетінін айтты. “Сот залында туыстардан он адам болдық. Сот үкімі оқылардан бұрын біз судьядан әскери бөлімнің екі командирі сержант баламды ұрып жатқанда неге араша түспегенін сұрауын өтіндік. Судья бұл сұрақты қойды, бірақ жауап болған жоқ», дейді Келдиёр Бокиев.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Сиддик Саъдуллоевты 14 жыл 8 айға соттауын сұраған.

Мирәли Бокиев былтыр мамыр айында әскерге қабылданған, ал биыл 17 қаңтарда түнде Фархор ауданындағы блок-бекетте оны сержант ұрған. Марқұм 19 қаңтарда Пенджикент қаласында жерленді.

Тәжікстандағы адам құқықтарын қорғаушылардың айтуынша, әскерде көбіне жаңадан қабылданғандар әлімжеттік құрбаны болады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий