Тәжікстанда ұн тағы қымбаттады

Тәжікстанда сұранысқа ие азық-түлік тауарларының бірі саналатын ұн тағы қымбаттады. 27 қазанда Озоди радиосының тілшілері Душанбе базарларын аралап, қазақстандық ұнның бір қабы 300 сомони болғанын байқады.

Тұрғындардың айтуынша, республика аймақтарында, әсіресе Таулы Бадахшан мен Рашт өңірінде ұн бұдан да қымат. Бір айдың ішінде бір қап ұн 240 сомонидан 300 сомониге (25 доллардан асады) жеткен.

Тәжікстанның ауыл шаруашылығы министрлігі ұнның қымбаттау себебін «Қазақстанда егін азайғанымен» түсіндірген. Тәжікстан астықты негізінен Қазақстаннан импорттайды.

Билік мәліметі бойынша, Тәжікстан тұрғындары жылына 700 мың тонна ұн тұтынады. Билік ұн бағасын бақылауда ұстауға уәде бергенімен, оның бұл әрекетінен түк шықпады.

Ұн әрбір тәжік отбасының басты азығы, сол себепті ұнның қымбаттауы халыққа ауыр тиіп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий