Тәжікстанда бір қышлақтың 49 тұрғыны сүзбе қосылған ұлттық астан уланды

Тәжікстанның оңтүстігінде Шамсиддин Шохин ауданындағы бір қышлақтың 49 тұрғыны тәжік ұлттық тағамы — құртобадан уланып қалды. Құртоба асы сүзбе, сары май, көк шөп, көкөніс және наннан дайындалады.

Милиция астан уланы оқиғасын тексеріп жатыр.

Оқиға 24 қаңтарда Чагам қышлағындағы бір үйде болған. Үй иесі құртоба дайындап, ауыл тұрғындарын шақырған. Ас тартылған соң 25 адамның жағдайы нашарлап, олардың бәрі Куляб қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қалған қонақтар жергілікті емдеу мекемесіне түсті.

Бір топ адамның уланып қалуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оның себебін кейін хабарлаймыз, дейді Куляб денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шароф Рустамов.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий