Тәжікстанда бір ай толассыз қымбаттаған ресейлік рубль бағамы қайтадан түсе бастады. Ал доллар болса қайта көтеріліп жатыр.
7 шілдеде Тәжікстан банктерінде 1000 ресейлік рубль 150-167 сомониге сатылды. Екі күн бұрын 1000 рубльді 177 сомониге айырбастауға болатын. Бір ай бойы арзандаған америкалық рубль қайта нығайып жатыр – 7 шілдеде 100 доллар 1045-1050 сомониге саудаланды. Бұның алдында ғана 100 доллар 985 сомониден сатылған.
Тәжікстан азаматтарының дені Ресейде жұмыс істейді. Елдегі жүздеген мың азамат еңбек мигранттары жолдаған ақшаға күн көріп жүр.
«Әрбір отбасында екі немесе үш адам Ресейде жұмыс істейді. Банктерде рубль бағамының төмен болуы мұндай отбасыларға тиімсіз, өйткені базарларда азық-түлік үнемі қымбаттап жатыр», — дейді Файзабад ауданының тұрғыны Эмомали Табаров.
Сарапшылар Тәжікстан экономикасы сыртқы нарыққа тәуелді екенін айтып отыр. Әлемдегі әрбір дағдарыс республика экономикасының әлсіздігін көрсетіп береді. Тәжікстандағы валюта нарығындағы тұрақсыздық та сыртқы факторларға тікелей байланысты.