Тәжікстанда доллар бағамы түсіп, ресейлік рубль күрт өсіп жатыр. Екінші деңгейлі банктерде 23 маусымда 1 доллар 10 сомони болса, 1000 орыс рубльі 177 сомониға жеткен.
Бір ай бұрын 100 доллар 1 мың 210 сомони, 1000 рубль 160 сомони болған.
Ақпан айында Ресей Украинаға соғыс ашқан кезде, рубль бағасы бірден құлдырап, 1000 рубль 91 сомониға түскен.
Қазір Тәжікстанның коммерциялық банктері америкалық валютаға қойылған шектеуді алып тастады. Жыл басында доллар бағамы көтерілген кезде, жұрттың бәрі доллар сатып ала бастаған. Сол кезде Ұлттық банк шектеу қойған.