Село в Файзабадском районе. Иллюстративное фото
Файзабад ауданында жергілікті қоғам белсендісіне балта ала жүгірген бір тұрғын ұсталды. Оқиға өткен аптада болған. Қоғам белсендісі Офтобруй ауылындағы үйлердің электр қуатын тұтыну жүйесін тексеріп жүрген. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Офтобруй ауылының тұрғыны Нүриддин Камолов жергілікті қоғам белсендісі Құрбонали Давлатовқа балта ала жүгірген. Оның үйі электр желісіне заңсыз қосылғаны анықталған. Шабуыл кезінде Құрбонали Давлатовтың мойны жараланған, қолы сынды. Ол ауруханаға түсті.
«Камоловтың үйі электр желісіне заңсыз қосылғаны анықталып, хаттама толтырылған. Ол кезде Камолов үйде болмаған. Хаттама туралы естіген ол әкемді үйіне шақырып, оған балта ала жүгірген. Бір соққысы мойнына, екіншісі қолына тиген. Дәрігерлер қол сүйегі мүжіліп кеткенін айтты. Әкемді көшеде кетіп бара жатқан адамдар құтқарып қалды, олар болмағанда Камолов әкемді өлтірер еді», — дейді жәбірленушінің баласы Шарофиддин Давлатов.
Күдікті Нүриддин Камоловтың туыстары журналистермен сөйлеспеді. Ұсталған азаматтың әзірге адвокаты жоқ.
Тәжікстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті белсенділермен бірге үйлердің электр желілеріне қалай қосылғанын тексеріп жүр. Республикада электр қуатын тұтынуға ресми лимит жоқ, бірақ тұрғындар жарық үнемі сөніп қалатынына жиі шағымданады.