Тәжікстанда мұзда ойнаған үш бала суға батып кетті

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлон облысында тоң басқан су қоймасында бір топ бала ойнап жүрген уақытта мұз опырылып, үш бала суға батып кетті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 қаңтарда кешке Мүмінабад ауданы Балхоб жамағатына қарасты Гаробдара қышлағында болған. Комитет мәліметінше 5 және 4 жастағы үш бала тоң басқан су қоймасында сырғанап жүрген уақытта мұз опырылып, үшеуі де суға батып кетті.

Қышлақтың бір тұрғынының Озоди радиосына хабарлауынша, төрт бала сырғанап жүрген уақытта мұз опырылып түскен. Ауыл тұрғындары 7 жастағы Бахтиер Худоданы ғана құтқарып қалған, қалған үш бала қайтыс болған.

Жақында осыған ұқсас жағдай Гиссарда да болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет мәліметінше, 19 қаңтарда 16 жастағы бозбала мен оның 7 жастағы қарындасы тоң басқан Хонакох өзенінен өтіп бара жатқан уақытта мұз опырылып, екеуі де суға құлаған. «Көршілер баланы құтқарып қалды. Қыздың денесі бірнеше сағаттан кейін ғана су астынан табылды», — деп хабарлады комитет.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий