Тәжікстанда «Мадина ісі» бойынша тағы бір күдікті 11 жылға сотталды

Азиза Давлятова (слева) и Мадина Мамаджонова (справа)

Тәжікстан Жоғарғы соты «Мадина ісі» бойынша сотталған Парвиз (Лутфулло) Давлятовтың әйелі Азиза Давлятованы 11 жылға соттады.

Оған Мадина Мамаджонованы азаптады деген айып тағылды. Шамамен төрт ай бойы комада жатқан Мадина биыл 15 желтоқсанда қайтыс болды.

Сотқа қатысқан дереккөздің айтуынша, Жоғарғы сот үкімді 28 желтоқсанда Душанбедегі тергеу изоляторында шығарды. Прокурор Азиза Давлятованы 11 жылға соттауын судьядан сұраған.

«Сот Азиза Давлятованы кінәлі деп танып, оны 11 жылға соттады. 2021 жылғы рақымшылық жөніндегі заңға сәйкес, Давлятованың қамаудағы мерзімі бір жылға азайды. Енді ол 10 жыл қамауда отырады», — деді дереккөз.

29 желтоқсанда Жоғарғы сот Азиза Давлятоваға үкім шығарғанын растады, бірақ қосымша мәлімет бермеді. Тараптар сот үкіміне кассациялық шағым түсіруге құқылы. Азиза Давлятова мен Мадина Мамаджонованың туыстары үкімге қатысты пікір айтудан бас тартты.

Парвиз Давлятов 14 желтоқсанда сегіз жылға сотталды, бірақ оның қамаудағы мерзімі рақымшылыққа байланысты бес жыл екі айға қысқарды.

Душанбе қаласының 32 жастағы тұрғыны Мадина Мамаджонова биыл 25 тамызда із-түссіз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан соң ол ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Туыстарының айтуынша, Мадинаны Парвиз Давлятовтың әйелі азаптаған. Ол күйеуін Мадинадан қызғанған. Мадина төрт айға жуық уақыт комада жатты.

«Мадина ісі» тәжік қоғамында қызу талқыланды. Душанбенің құқық қорғау органдары кінәлілерді жауапқа тартқысы келмеген. Қоғам белсенділерінің шағымдарынан кейін ғана Бас прокуратура «Мадина ісін» тексере бастады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий