Тәжікстанда сегіз жастағы Руфейданың өлімінен соң кісі зорлаушыларға жазаны күшейтуді талап етіп жатыр

Рудаки ауданында 8 жастағы Руфейда Иноятованың өлімінен соң азаматтық белсенділер мен әлеуметтік желі қолданушылары кісі зорлаушыларға жазаны күшейтуді талап етіп жатыр. Билік жас қызды зорлау, азаптап өлтіру қылмысын тексеруге кіріскенін мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 4 шілдеде Рудаки ауданының Навобод қыстағында болды. Марқұмның туыстарының айтуынша, Руфейда әжесінің үй сыртындағы әжетханаға шығып, үйге қайтпаған. Ертесіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың бөлшектелген денесін тапты. 30 жастағы көрші Рахматулло Гадоев күдікке ілікті.

«Ол жігіт қызды қалай шақырып алғаны белгісіз. Түсте көшеде ешкім болмаған. Руфейданы іздеуге көршілердің бәрі шықты. Рахматуллоның анасы ғана келмеді. Ол бұл уақытта үй алдын хлорлап жүрді. Пәтерлерді аралап шыққанда, оның барлық бөлмесі хлорланғанын білдік», — дейді марқұмның әпкесі Зулайхо Одинаева.

Милиция қызметкерлері іздеу жұмыстарына кинологтарды тартқан. Қыздың бөлшектелген денесі ертесіне Рахматулло Гадоевтың әжетханасының артынан табылды. Ауыл тұрғыны Одил Азизовтың айтуынша, Руфейданы зорлап, одан соң оның денесін бөлшектеген.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, күдікті ұсталған. Істі Рудаки ауданының прокуратурасы тексеріп жатыр.

Осы оқиғадан соң Тәжікстандағы азаматтық белсенділер билік өкілдеріне үндеу жолдап, балаларды зорлау қылмысы көбейіп кейткенін жазды.

Парламенттің жоғарғы палатасындағылар қазір үкімет қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді қарастыратын жоба әзірлеп жатқанын, осындай ауыр қылмыстарға жаза күшейтілетінін мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий