Тәжікстанда президент жанындағы есірткіні бақылау агенттігінің лауазымды шенеунігі Нодир Муродзода қамауға алынды.
Ақпаратқа қарағанда, агенттіктің Хатлон облыстық басқармасын басқарған Муродзода есірткі саудасына байланысты күдікті адамның туысынан пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталып жатыр. Ол қарамағындағы төрт қызметкерімен бірге биыл 10 ақпанда ұсталған. Бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болды.
Әзірге шенеуніктің қамауға алынғаны жөнінде билік өкілдері ресми мәлімдеме таратпады.
Озоди радиосы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлағандай, полковник Муродзода есірткі саудасы бойынша күдіктінің туыстарынан 150 мың сом пара сұраған. Оған «пара алу», «алаяқтық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Нодир Муродзода қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Душанбе қаласындағы тергеу абақтысында отыр. Егер оның айыбы дәлелденсе, 94 мыңнан 140 мың сомони көлемінде айыппұл төлеп, 8 жылдан 12 жылға дейін еркінен айырылуы мүмкін.