Тәжікстан ішкі істер министрлігі тәжік телеарнасында көрсетілген сюжетте 23 жастағы душанбелік өлімі туралы мәлімет берді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен танымал тәжік спортшысы Саидмүмін Рахимовтың ұлы ұсталды.
Саидахмад Рахимов самбодан 1975 жылғы әлем чемпионы Саидмүмін Рахимовтың ұлы. Оған сыныптас досы Мұхаммадджовид Зокирзоданы өлтірді деген айып тағылды.
Тәжікстан ІІМ баспасөз орталығы дайындаған телесюжетте кісенделген күдіктіні көрсетті. Қылмыс болған орынға алып барған уақытта ол тергеушілерге досын бірнеше мәрте пышақтағанын көрсетті. Тергеу тәжірибесіне Саидахмад Рахимовтың адвокаты қатысқан-қатыспағаны белгісіз.
Министрліктің хабарлауынша, қылмыс 5 тамызда астанадағы Фирдауси ауданында болған. Ауыр қылмыс жасауға қарыз түрткі болған: күдікті сыныптас досы Мұхаммадджовид Зокирзодаға берешегін қайтарғысы келмеді, делінген телесюжетте.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеуді Душанбе қаласы прокуратурасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.