Тәжікстанда ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 8,6% өскен.
Алайда сарапшылар шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп деп санайды.
Тәжікстанның статистика жөніндегі агенттік өкілі Абдували Набизода елде жұмыссыздар саны 55,8 мың екенін, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,6%-ке көп екенін жеткізді.
Раш ауданының тұрғыны Абдуфаттох Акобиров таяуда ғана Ресейден оралды. Қазір елінде жұмыссыз. Ресейде азық-түлік бағасы бірден қымбаттағанын, онда өмір сүру қиынға соққанын айтады. Алайда қазір елінде айлықтың өте төмен екенін айтып, мұнда өмір сүру де жеңіл емес дейді.
Елдің еңбек министрі Ширин Амонзода биыл алғашқы жарты жылдықта 36 мың адамды жұмысқа тұрғыздық дейді. Бірақ жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер мемлекет ұсынған жұмыстың айлық жалақысы өте төмен дейді.
Тәжікстан заңына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелгендер мемлекеттен үш ай көлемінде 600 сомони (60 доллар шамасында) жәрдемақы алады.