Тәжікстанда жанар май құю станциясы жарылып, 13 адам зардап шекті (видео)

Хатлон облысы Кубодиён ауданында жанар май құю станциясы жарылып, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға 21 ақпанда 15.00 шамасында орын алған деп хабарлайды Тәжікстанның ішкі істер министрлігі.

Өрт 280 шаршы метрді шарпыған.

Жарылыс кезінде 13 адам зардап шегіп, 7 көлікке зақым келген. 2 ірі қара мал өртеніп кеткен.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Дәрігер Оймурод Холматовтың айтуынша, жедел-жәрдем көлігімен жеткізілген 6 адамның біреуі ауыр халде жатыр. Жарылыс себептері анықталып жатыр.

Комментарий (0)
Добавить комментарий