Тәжікстанда жас келіншек отбасылық жанжалдан кейін үш баласы мен өзіне қол салған

Тәжікстанның Соғды облысына қарасты Пенжикент ауданындағы Некнот ауылының тұрғындары 10 сәуірде көлдің жиегінде бақтарға асылған үш бала мен бір әйелдің сүйегін тапты.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл 32 жастағы Шахло Шарипова мен үш баласы – 6 жасар Мухаммаджон, 4 жасар Шахноза және сегіз айлық Амина болған.

«Озоди» радиосына сұқбат берген тұрғынның айтуынша, әйел бірінші баларын асып, содан соң өз өміріне қол салған болуы мүмкін.

ІІМ таратқан мәліметке қарағанда, әйел отбасындағы жанжалдан кейін балаларын алып, оларды асып, кейін өзіне қол салған.

Сот-медициналық сараптама үшін денелер Пенжикент қаласына жеткізілген.

Оқиға болған жер марқұмдардың үйінен 300 метр қашықта жайғасқан. Өткен аптада Шахло Шарипова күйеуі Лазиз Жураев және баласымен бұл жерге 300 түп тал еккен.

Жергілікті тұрғындар осыған дейін бұл отбасынан ешқандай ұрыс-керіс болғанын естімедік дейді.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий