Тәжікстанда жас сарбаздардың сабалуы наразылық туғызып жатыр

Тәжікстанның әскери бөлімшелерінің бірінде әскерге жаңа шақырылған жауынгерлердің сабалғаны түсірілген видео желі қолданушылардың наразылығын туғызып жатыр.

24 сәуірде интернетте жас жауынгерлерді сабаған видео пайда болды.

Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын туғызып, олар кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Қазір Тәжікстанда әскерге шақыру маусымы жүріп жатыр.

Тәжік үкіметінің БҰҰ-ның Адам құқықтары комитетіне жөнелткен баяндамасында 2019-2021 жылдары елде 100-ден астам жауынгер әскердегі әлімжеттіктен қаза болғаны айтылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий