Тәжікстанда журналист халық талабын каналына жариялағаны үшін, бес сағат бойы тергеліп шыққан

Тәжікстанның танымал журналисі әрі блогері Далери Имомали құқық қорғау органдары қызметкерлері өзін ұстап, бес сағат бойы тергеуге алғанын хабарлады.

Бұл оқиға 4 маусымда Душанбедегі Шохмансур ауданы әкімінің тұрғындарды қабылдауы жайындағы материалды YouTube каналына жариялаған соң болған. Аудан тұрғындары үйлерінің сүрілуіне қарсы болып, аудан әкіміне барған.

Кейін жергілікті биліктің талабынан соң, Далери Имомали ютуб каналындағы материалды өшіруге мәжбүр болған. Журналист өзінің каналында елдегі өзекті проблемалардан хабар таратады. Ол жақында жергілікті медиа ұйымдардың сыйлығын алған.

Журналист соңғы үш айда құқық қорғау органдары қызметкерлері екінші рет тергеуге алғанын айтты. Ол тергеуден сағы сынып шыққанын жеткізді. Егер билік қысым көрсете берсе, журналистикадан мүлдем кетуім мүмкін дейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий