Тәжікстанда блогер Далери Имомали мен журналист Абдулло Гурбатидің қамауға алынуы әлеуметтік желілерде кең талқыланып жатыр. Жергілікті журналист Ражаби Мирзо бұл оқиғаға араласуды сұрап, Душанбе әкімі және тәжік парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы Рустами Эмомалиге қайрылды.
«Олар өздерінің кәсіби миссиясын шын ықыласпен, шынайы орындап, елдегі ахуалды жеткізіп отырды. Ол бұл үшін радикал және оппозициялық топтардың көмегіне зәру емес екенін дәлелдеген. Сын үшін бірқатар шенеуніктердің өш алуы – сыртқы күштердің ғана шамына май құяды», – деп жазылған журналист мәлімдемесінде.
Бұл үндеуге БАҚ-тың ондаған өкілі қол қойған.
Далери Имомали мен Абдулло Гурбати 15 маусымда прокуратураға жеткізіліп, сол күні қамауға алынған. Имомалиге қарсы «Заңсыз іскерлік», «Жалған ақпарат тарату», Гурбатиге қарата «Билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір екеуі де Душанбенің тергеу абақтысында отыр.