Тәжікстанда интернеттің жылдамдығы баяу күйінде. Былтыр жылдың аяғында елдің президенті Эмомали Рахмон жолдауында интернеттің баяу жұмыс істейтінін сынаған.
«Негізінен туристер қайда барады? Интернет жақсы жерге барады», — деген президент. Рахмон үкіметке интернеттің сапасын жақсартуды тапсырған.
Байланыс қызметі интернеттің жылдамдығын жоғарылатып, бағаны арзандатуға уәде еткен. Мекеме 4G үшін Тәжікстанға 450 базалық станция керек екенін жеткізген.
Дегенмен қазір Тәжікстанда интернет сапасы сол күйін өзгермеді.
Осы аптада байланыс қызметінің төраға орынбасары Илхом Атоев арнйы штаб құрылғанын, елде интернет жылдамдығы 100 гб/с жоғарылайтынын мәлімдеген.
«Тәжіктелеком» компаниясы Тәжікстан үкіметі алдындағы байланыс қызметіне тиесілі. 2018 жылдан бері интернетті Тәжікстанға жеткізетін жалғыз компания.
Дүниежүзілік банк «Тәжіктелекомды» байланыс қызметінен бөлуді ұсынған. Ресми мәліметке қарағанда, бұл елде интернет қолданушылардың саны 4,2 млн адамға жеткен.