Тәжікстанның оңтүстігіндегі Фархор қорымынан көне жәдігер табылды (видео)

В могильнике Фархор на юге Таджикистана обнаружен древний артефакт

Поделиться
Print

Ресей мен Италия археологтары тәжік әріптестерімен бірге Фархор қорымынан көне жәдігер тапты.

Фархор қорымынан табылған үлкен сырғаға ұқсас затты археологтар біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларға жатқызды.

Мамандардың пікірінше, көне жәдігер біздің заманымызға дейінгі мың жылдықта жергілікті халықтың тіршілігінен, діни сенімі мен дәстүрінен хабар береді.

Фархордағы жергілікті мұражай директоры Әзізулло Мұродовтың айтуынша, «археологтардың қорымның жоғары қабатынан тапқан көне жәдігерінің не екені әзірге белгісіз, қазір мамандар соны анықтап жатыр».

Фархор ауданындағы Уртабуз мекеніндегі археологиялық қазба жұмыстары 2013 жылы басталған.

Тоғыз жылда көне адамдардың сүйектері мен ондаған жәдігер табылды. Бұл жәдігерлер мыңдаған жылдар бұрын мұнда адамдар мекендегенін дәлелдейді дейді тарихшылар.

Тәжік тарихшысы Нүриддин Сайфуллоевтың айтуынша, Фархор Пяндж өзенінің бойында орналасқан, адамдар мекендеуге қолайлы жер. «Өркениеттер осындай өзендердің бойында дамыды, өйткені су өмір нәрі саналады», — дейді ол.

Тәжікстандағы Фархор ауданында 52 тарихи нысан тіркелген. Олардың ішіндегі ең ірісі — 70 га жерді алып жатқан Золи Зар қамалы.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий