Тәжікстанның танымал әншісі жол апатынан қайтыс болды

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі жол апатынан қайтыс болған танымал тәжік әншісі, 33 жастағы Дамирбек Олимов жайлы хабар таратты.

7 ақпанда ІІМ ресми сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, «Honda CRV» маркалы көлігін басқарып келе жатқан Олимов Дамирбек, “Худжанд-Сомгор” тас жолы бойында келе жатып, жолдан тайып кеткен. Көлік бірнеше рет аударылған. Көлік иесі, әнші Олимов Дамирбек сол жерде қайтыс болған. Оқиға 5 ақпанда, түнгі 01:00 шамасында орын алған. Ол сол түні тойда ән айтып қайтып келе жатқан беті екен.

Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Әншінің достары мен әріптестері соңғы кезде ол өлімін сезгендей, Құдай жөнінде ән айта бастады дейді.

Дамирбек Олимов кезінде «Нури Худжанд» тобының әншісі болған. Ол өзін СССР халық әншісі Журабек Муродовтың шәкірті санайтын. Әнші биыл көктемде жеке концертін беруге дайындалып жүрген екен.

Дамирбек Олимов 1989 жылдың 20 наурызында Соғды облысы Деваштич ауданында дүниеге келген. Артында әйелі мен үш баласы қалды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий