Хатлон облысының денсаулық сақтау басқармасы Бохтар қаласындағы ірі «Фаровон» базарындағы өрттен оннан астам адам зардап шеккенін растады. Өрт 2 маусымға қараған түні басталған.
Өрттен нақты қанша адам зардап шеккені кейінірек хабарланады.
Бохтар қаласындағы аурухананың дәрігері Нүриддин Вохидовтың Озоди радиосына хабарлауынша, бір науқастың жағдайы нашар. Базарда дүкені бар 50 жастағы Махмади Сангов өрт кезінде басқа да саудагерлерге көмектесуге ұмтылған уақытта оған жақын маңда газ баллоны жарылған. Кәсіпкердің денесінің 95 пайызы күйіп қалған, тыныс алу жолдары да зақымданған.
Бохтар қаласының басшысы Сироджидин Саломзода өрт шығынын есептеумен айналысатын штаб құрылғанын мәлімдеді.
Куәгерлердің айтуынша, базардың кілем, ұялы телефон және басқа да электрон заттар сататын бөлімі бірінші өрткенген.
Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ куәгерлер базар аумағындағы асханада газ баллоны жарылып, соңы өртке ұласты деп есептейді.