Зейтин. Фото: muslim.kz
5-қаңтар күні Измир қаласындағы сот ғимаратында орын алған жарылыстан қаза тапқан Фетхи Секин есімді азаматтың «төрт аяқты досы» қожайынын іздеп, оқиға орнынан кетер емес.
Зейтин деп аталып кеткен бұл иттің жарылыс орнын тапжылмағанына осымен бесінші күн болған. Измир тұрғындарының айтуынша, сот ғимаратында қарауыл болып қызмет атқаратын Фетхи Секин үнемі иесіз қалған итті тамақтандырып, оған қамқорлық жасап тұрған.
Зейтин. Фото: 1NEWS.az
Марқұмның мейірімділігіне адалдықпен жауап қайтарған Зейтиннің қашанға дейін аза тұтары белгісіз…
Зейтин. Фото: 1news.az
Айта кетейік, жарылыс болған күні Зейтин де сол жерде болған. Бақылау камераларында байқалғандай, бірден қаза тапқан қожайынына ұмтылған төбет таңғажайып түрде тірі қалған екен.