Түркістанда екі апта бұрын жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Жұмабековтар отбасы қыздарын өлтірген азамат заң алдында бірнеше іс бойынша жауап берсін деп талап етуде.

Іздеуде жүрген азаматшаны өзін «таксистпін» деп таныстырған жас жігіт айуандықпен өлтірген. Осылай деп ашынған марқұмның туыстары күдіктіні үш бірдей қылмыстық іс бойынша жауапқа тартуын талап етті, деп хабарлайды  otyrar.kz.

Жұмабековтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Екі апта бұрын үйінен аман есен шығып кеткен қыздарының өлі денесін тауып, жер қойнына тапсырған. Сұмдық жағдай, осыдан екі апта бұрын орын алған. Қыздары Айгерім Тасболатова Түркістандағы орталықта орналасқан банкоматтан анасы мен әкесінің айлығын алған екен. Мұны байқаған жас жігіт қомақты қаржы алған азаматшаны көлігіне алдап мінгізіп, көпшіліктен тыс жерде оны қинап өлтіріпті.

Жақсылық Жұмабеков, марқұмның әкесі: » Денесін Достық ауылының шетінен тапқан. Қызымның мәйітін өзім көрдім. Айуандықпен ұрып өлтірген. Адам шошырлық күйде. Бет аузы көгеріп кеткен. Қызымды әрең дегенде таныдым. Бет әлпеті мүлдем көрінбейді».
Айгерім Тасболатоваға туысқандары осы жылдың алтыншы қаңтары күні іздеу салған. ІІБ арызданып, тіпті прокуратура қызметкерлерінен көмек сұрапты. Арада бір жеті өткенде полицейлер Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінен қыздың ұялы телефонын табады. Сөйтсе ұрлықы телефонды сатушыға таксист жігіт арзан бағаға сатып кеткен екен. Бірақ сатушы Айгерімнің ұялы телефонын ұстап жүрген жігітті суретке түсіріп алған. Осы суреттің арқасында қанды қылмыс жасады деген күдікті бірден ұсталып, қамауға алынған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бойжеткенді айуандықпен өлтірді деген азамат екі аптадан кейін қылмысын мойындап, мәйітті өзі тауып берген. Мұны құзырлы орган өкілдері де растап отыр.

Салтанат Қарагөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Сараптама тағайындалды. Осы іс бойынша 1992 жылғы жергілікті тұрғын үсталды. Марқұм қыздың ата-анасы 11 қаңтар күні арызданған. Ал күдіктінің өзі екі аптадан кейін ұсталып отыр».
Жұмабековтар отбасы қыздарын өлтірген азамат заң алдында бірнеше іс бойынша жауап берсін деп талап етуде. Өйткені күдікті қыздың ұялы телефоны мен ақшасын қолды етіп, кейін оны зорлап өлтірді дейді. Бірақ бойжеткеннің зорлық көргенін растау үшін сараптама жұмыстарының қорытындысы қажет.

Лаура Нақыпқызы

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий