Сауд Арабиясының Әскери әуе күштері Түркияның Инджирлік әуе базасына ұшқыр ұшақтарын жеткізу операциясын бастады.
Бұл туралы Түркия президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеді деп жазады 24.kz.
Енді бұл ұшақтар халықаралық коалиция талаптарына сай Сирияда бекінген лаңкестерге әуеден соққы бағыттайтын болады.
Айта кету керек, бұл – Анкараның өз әуе базасына Эр-Рияд ұшақтарын алғаш рет кіргізуі. Бұған дейін олар Инджирлік әуе базасын лаңкестерге қарсы коалициядағы өзге әріптестеріне пайдалануға рұқсат берген.
Сонымен қатар президент хатшысы Түркияның Сирия жеріне жаяу әскер жөнелтуге ниетті емес екенін атап өтті. Оған қоса 27 ақпаннан бастап Сирия аумағында оқ атпау режимі енгізілген. Алайда ол «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» және «Джебхат ан-Нусра» лаңкестері бекінген аймақтарға қатысы жоқ.