Түркия Сириядағы күрдтердің жаңа әскери күшін жойып жібереміз деп сес көрсетті

Түркия президенті Режеп Ердоған сирия-түрік шекарасындағы күрдтер ауданын қорғау мақсатында АҚШ қамқорлығымен құрылған «қауіпсіздік күшін» сынға алды. Құрамында 30 мың адам болатын күш негізінен күрдтерден құралған.

Дүйсенбі күні Анкарада митингте сөйлеген сөзінде Ердоған түрік билігі одақтас ретінде санайтын ел Түркия қауіпсіздігіне қауіп келтіретін террористік армия құрып жатыр деп мәлімдеді. Түркия президенті бұл әскерді түбімен жойып жіберемін деп сес көрсетті.

Сирия үкіметі де күрдтерден құрылатын армия жоспарын сынға алып, елдегі америкалық әскери контингентті жойып жіберемін деп мәлімдеген. Дамаскінің одақтасы Ресей болса, американың бұл жоспары Сирияны бөлшектеп, оған бақылау орнату мақсатында жасалған деді.

Сирияда жеті жылға созылған соғыста АҚШ пен Түркия бірлесіп, президент Асад режиміне қарсы күресті. Екі ел арасындағы түсінбеушілік Вашингтонның Сирия демократиялық күштеріне қолдау көрсетуінен кейін басталды. Сирия демократиялық күштері Сирия және Түркиядағы күрдтерді қорғауға шақырады.

centralasian.org

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий