Түркияда құлдыққа түскен қырғыз қызы адам шошырлық күйде табылды (фото)

Түркиядағы әлеуметтік желілерде соққыға жығылған азиялық келбеттегі бойжеткеннің суреті тарап кетті. Дәрігерлер қызға шұғыл түрде ота жасаған. Ал кейін жәбірленуші бойжеткеннің 1994 жылғы Қырғызстан азаматшасы екені анықталды деп жазады zanoza.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәбірленуші. Фото: zanoza.kg

Осыдан үш ай бұрын Түркияға жұмыс іздеп кеткен қызды ата-анасы таныған соң, туыстары дереу Антальяға ұшып барған. Аяусыз соққыға жығылып, сал болып қалған қызға түрік дәрігерлері үш мәрте ота жасады. Комаға кеткен қызды 8 күн бойы ешкім іздеп келмеген соң, еріктілер әлеуметтік желі арқылы қыздың туыстарына іздеу салған.

Жәбірленуші. Фото: zanoza.kg

Соққының ауыр болғаны соншалық, дәрігерлер қыздың басындағы жарықтарды жамауға мәжбүр болған. Бүгінде Н.М. есімді азаматша комадан оянып, өзін іздеп келген әкесін таныды.

Бүгінде бұл іспен елдің сыртқы істер министрлігі айналысуда. Белгілісі, Түркияда бала бағушы болып жұмыс істеген бойжеткенді белгісіз біреулер секс-құлдық үшін сатып жіберген.

Жәбірленуші. Фото: zanoza.kg

Әзірге, аяусыз соққыға жығылып, мүгедек болып қалған қызды кімдердің қорлағаны анықталған жоқ.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий