Түркияның орталық бөлігінде гандбол командасы мінген автобус аударылды.
Оқыс оқиғадан бір адам қаза тауып, 12-сі жапа шеккен, деп хабарлайды РИА-Новости.
Түркияның орталығында гандболшылар мінген автобус апатқа ұшырады, салдарынан 1 адам қаза тапқан. Тағы он екісі зардап шекті.
Кахраманмараш-Кайсери тас жолында келе жатқан автобустың ішінде 45 адам болған. Жол апаты елдің орталық бөлігінде, Кайсери қаласына таяу маңда орын алды.
Қолда бар деректерге сүйенсек, жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан автобус аударылған. Алайда жергілікті билік оқиғаға нақты не себеп болғанын айтпай отыр.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас