Түркияда төтенше жағдай тәртібі тағы 3 айға ұзартылды

Тәртіпсіздіктер салдарынан 200-ден астам адам ажал құшып, тағы 50 мыңы тұтқындалған.

Мұны елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұсынған, деп хабарлайды  Хабар 24.

Сөйтіп бастама үкімет отырысында қолдау тапқан. Айта кеткен жөн, 2016 жылдың шілдесінде әскерилер тобы елде төңкеріс жасамақ болды. Түркия билігі: «бұл – АҚШ аумағында тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гюленнің ісі», – дейді. Алайда ол тағылған айыптың бәрін жоққа шығарып жатыр.

Тәртіпсіздіктер салдарынан 200-ден астам адам ажал құшып, тағы 50 мыңы тұтқындалған. Сол кезде елде 3 айға төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, осы күнге дейін ұзартылып келді. Алайда Еуроодақ өкілдері бұл шешімді талай мәрте сынға алған болатын. Айтуларынша, тәртіп тұрғындардың құқығы мен бостандығын шектейді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий