Тұрсынбек Қабатов өзінің әзілкеш досына құны үш бөлмелі пәтерге тең сағат сыйлады (фото)

Тұрсынбек Қабатов пен Арман Жаналиев.

Еліміздегі ең қымбат асаба саналатын Тұрсынбек Қабатов өзінің өнердегі інісі әрі әріптесі Арман Жанәлиевке құны үш бөлмелі пәтерге тең сағат сыйлады. Бұл туралы Арманның өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Құттықтап қойсаңыздар болады, бастық өзінің қол сағатын сыйға тартты. Тәке раxмет. Сіздің жолыңызды берсін!!! Сағаттың бағасын айтпай-ақ қояйын, бәрібір сенбейсіздер! Таразда 3 бөлмелі үйдің ақшасы», — деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса, оның мұндай бағалы сыйлық алуымен құттықтап, түрлі пікірлерін жаудырды.

«Мен Таразда пәтер жалдап тұрамын. Маған көмек қолын созыңызшы», «Таразда үш бөлмелі пәтер 14 млн шамасында тұрады», «Енді маған сыйлай салыңыз», — деп жазды олар.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий