Төрт аяқпен туылған жігіт артық аяқтарынан қалай құтыларын білмей жүр (фото)

Арун Кумар. Фото: vesti.ru

Үндістанда 4 аяқпен туылған жігіт өзіне ота жасауға келіскен дәрігерлерді тапты. Ол еркін өмір сүруіне кедергі келтіріп отырған артық аяқтарынан тезірек құтылуды армандайды.

22 жастағы Арун Кумар туылғалы бері ауыр дертке шалдыққан. Оның төрт аяғы бар. Алайда, ол артық аяқтарын пайдаланбайды. Арунның артық аяқтары арқасынан өсе бастапты. Алғашқы бес жылда жігіттің ата-анасы ұлын көрсету үшін талай дәрігердің алдына барды. Бірақ ауыр операцияны ешкім де мойнына алғысы келмеген.

Уақыт өткен сайын Арун Кумардың қозғалуы қиындай түсті. Артық дене мүшесі оның еңсесін басып, жігіт бүкірейіп жүруге мәжбүр болды. Өмірден үмітін үзе бастаған Арун әлеуметтік желі арқылы көмек сұрады.

Қуанышқа қарай, Делиде тұратын дәрігер Хемант Шарм жігітке көмектесуге бел буған. Бүгінде дәрігер оны арнайы тексеруден өткізіп, Кумардың артық екі аяғын алып тастайтын отаға дайындалуда.

Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий