Унитаздан шыға алмай қалған жігіт. Фото: blik.net.ua
20 жастағы Като Бернстен Ларсен досы абайсызда унитазға түсіріп алған смартфонын ол жерден алып шықпақ болған.
Қоғамдық әжетхана канализацияға жалғанбаған. Ал унитаздың ішінде нәжіске толы құты болатын. Бірнеше ай бойы адамның барлық лас қалдықтарын жинап тұрған унитазға ойланбастан сүңгіген жігіт, ішіне сыйып кеткенімен қайта шыға алмай қалған.
Нәжіске толы унитазда бір сағат бойы қамалған жігітті ол жерден алып шығу үшін құтқарушылар бірталай тер төккен.
«Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты күн. Унитаздың ішіндегі нәжіс арасында бірдеңе жыбырлап жүрді. Ол мені, тіпті шағып жатқандай көрінді», — дейді жігіт.
Құтқарушылар адам сыйып кете алатын унитазды жауып тастады. Қолдарын жарақаттаған Ларсен емханаға жеткізіліп, бактерияларға қарсы екпе алды. Ал смартфонды табу сол күйі мүмкін болмады.