Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото интернет желісінен
«Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот процесі жалғасуы керек еді… Жаңарақта «ағайды жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті, жағдайы күрт төмендеп кетті…» деген хабар жетті. Сот процесі болмайтын шығар деп, жұмысқа қайттым… Бұл бір сұмдық болды ғой…
Артының қайырын берсін! Республикада 50-ден астам театр бар, демек, ағайдың мыңдаған әріптестері бар деген сөз… Бірақ бәрі тым-тырыс сияқты…Тірімісіңдер?..»,- деп жазған журналист парақшасында.
Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұловқа «Феникс» фильміне бөлінген 79 миллион теңгенің 69 миллионын жымқырды деген айып тағылған.
Актер өзінің қаржыны алғанын мойындаған болатын. Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал бұл іске қатысы бар деген атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отыр.