Фото: ontustik.gov.kz
Қытайлықтар фосфор қалдықтарын өңдеуде Созақ өңірін ал биоэтанол өндірісіне Отырар ауданын қолайлы деп тапқан. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың сөзінше, шетелдік инвесторлар кедендік, мүліктік салықтардан босатылады екен.
«Елге инвестиция тарту – экономиканың ең негізгі тетігі. Біз кәсіпкерлерге барынша қолдау білдіріп отырмыз. Өңірімізде 11 индустриалдық 1 арнайы экономикалық аймағымыз жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлар кедендік, мүліктік салықтардан босатылады. Сондай-ақ жер телімі, инфрақұрылымдық қажеттіліктердің бәрімен толық қамтамасыз ететін боламыз», — деді облыс әкімі.
Қытайлық инвесторлар биоэтанол өндіру ісінде оңтүстік қазақстандық жүгері мен бидай, арпа қалдықтарын пайдаланбақ. Бұл жаңа отын түрі жанар-жағармайға қарағанда ауаны ластамайды және парниктік газдарды да бөлмейді екен.
Десек те, фосфор зауытының да салынатынын ескерген жөн. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі уақытта түрлі экономикалық зауыттардың салынуы салдарынан экологиясы нашар аймаққа айналған.