Тәжікстан азаматтарын тонаған жамбылдық полицейлер сот алдында жауап беріп жатыр

Скриншот: ктк арнасы

Айыпталушы орындығында – екі тәртіп сақшысы мен бір жергілікті тұрғын. Жол сақшыларына құзіретін асыра пайдалану, ал соңғысына қарақшылық бабы бойынша айып тағылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Өткен жылдың қараша айында Ресейден үш жүк көлігімен келе жатқан тәжікстандықтарды екі инспектор мен тағы үш жігіт қорқытып, 250 мың рубльін тартып алған болатын. Сөйтіп, өздері оқиға орнынан ізін суытқан.

Жәбірленушілер арызынан соң көп ұзамай екі тәртіп сақшысы мен бір жергілікті тұрғын қамалды. Сол жерде болған тағы екі азаматтың әлі күнге ұсталған-ұсталмағаны белгісіз.

Бұл жөнінде ішкі істер департаментінің басшылары мен істі жүргізген ұлттық бюро өкілдері де жақ ашпады. Ал бүгін сотқа жеткізілген үшеуі тағылған айыпты ішінара ғана мойындап отыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий