Тәжікстанда террористік жазбаға «лайк» қойған тұрғындарды қамап тастады

Тәжікстан республикасы Йовон ауданының 14 тұрғыны интернетте жарияланған ДАИШ террористік ұйымының соғысқа шақырған бейнежазбасына «лайк» басқаны үшін қамауға алынды.

Он азамат соңынан босатылып, төртеуі қамауда қалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестерінің қатарында соғысуға кем дегенде 1 000 тәжік азаматы аттанған деп хабарлайды muslim.kz.

Құқыққорғау органы тәжік азаматтарын бопсалауға бағытталған экстремистік насихаттың соңғы кездері күш алып отырғанына алаңдап отыр.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий