«Талибан» өкілдері Ауғанстанда Әлішер Науаи ескерткіші бүлінгенін растады

Ауғанстанда бір жарым жыл бұрын билікке келген «Талибан» қозғалысының өкілдері Балх провинциясында Әлішер Науаи ескерткіші бүлінгенін растап, бұны «вандализм» деп сипаттады. Бұл туралы Өзбекстан СІМ өкілі Ахрор Бұрханов хабарлады.

Оның айтуынша, өзбек дипломаттары ауған жағымен байланыс орнатқан. Тәліптер ескерткішке қатысты жанжалдың «Талибан» саясатына еш қатысы жоғын айтқан.

«Талибан» бұны «белгісіз біреулердің ойланбай жасаған әрекеті» деп есептейді. Тәліптер ескерткішті қалпына келтіруге уәде беріп, ортақ мұраға құрметпен қарайтынын мәлімдеген.

Бұның алдында Hasht-e Subh Daily газеті Ауғанстанның Балх провинциясында Әлішер Науаи ескерткішін бүлдіріп кеткенін жазған. Басылым мәліметінше, «Талибанның» уақытша үкіметімен соғысып жүрген Ауғанстан ұлттық қарсылық кеңесі ескерткішті тәліптер бұзды деп есептейді.

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда билікке келген соң Шибирган қаласында Әлішер Науаи суреті салынған қабырға сүрілген.

Өзбек ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаи ауғанның Герат қаласында 1441 жылы дүниеге келген. Ол дәуірде бұл аймақты Ақсақ Темір әулеті басқарған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий