Тамара Дүйсенова Ақтөбенің дәрігерлерін ұйықтатып тастады

Фото: ratel.kz

Ақтөбеде ақ халаттылар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бір сағаттық сөз сөйлеуінде ұйықтап қалды. Бұл туралы ratel.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Достық үйінде сөз сөйлеген Тамара Дүйсенованы тыңдап отырғандардың дені тәтті ұйқыға кеткен.

Медициналық сақтандырудан бастап, түрлі маңызды мәселелерді сөз еткен министрді тек алдыңғы қатарда отырған қызметкерлер тыңдаған.

Ал екінші қатардағылар ұйқысын қол шапалақтау кезінде бір-ақ ашты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий