Танымал актриса Жәния Джуринская той көйлегімен түскен суретін көрсетіп, елді дүрліктіріп қойды. Актрисаның көрермендері күйеу жігіттің кім екенін білуге асықты.
Алайда Жәния бұл көйлекті тек түсірілім алаңында ғана кигенін айтты. Ол белгілі вайнерлердің ролигіне түсіп, онда қалыңдық көйлегін киген болып шықты.
Дегенмен, желі қолданушылары болса, оның жеке өміріне қызығушылық танытып, актрисадан қашан тұрмысқа шығатынын сұрады.