Артур Төлепов. Фото: comode.kz
«Мойындаймын, мен бұрыннан Алсуға ғашықпын. Егер, оны кездесуге шақыру мүмкіндігім болса, ойланбай шақырар едім», — дейді актер.
Ол өзінің отбасылық өмірге дайын екенін де айтты.
«Өзім іздеген жанды жолықтырған күні бірден үйленемін. Маған төрт саны ұнайтындықтан, менің төрт балам болады деп ойлаймын», — дейді ағынан жарылған Артур.
Айта кетейік, Артур Төлеповтің бұған дейін «Әйел бақыты» бағдарламасының журналистіне ұсыныс жасаған видеосы желіде тараған. Кейіннен оның бағдарлама түсірілімі үшін жасалғаны жарияланды.