Адам Джонсон. Фото: Eurosport
Кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, алты жылға сотталған «Сандерленд» клубы мен Англия құрамасының ойыншысы Адам Джонсон түрмедегі өлімнен аман қалу үшін ислам дінін қабылдамақ деп хабарлайды prosports.kz.
Абақтыдағылар 30 жастағы Джонсонға оны өлім күтіп тұрғанын жеткізген. Ал футболшыға тек мұсылмандар жақтаспақ.
Айта кетейік, 16 шілде күні футболшы басқа түрме камерасына ауыстыруын сұраған. Алайда түрме басшылығы оның өтінішін қанағаттандырмады.
Естеріңізге салайық, 2016 жылдың наурыз айында сот Джонсонды қылмыстық заңның екі тармағы бойынша кінәлі деп мойындады.
Футболшы ешқандай сексуалды зорлық пен әрекеттер болмағанын және ол тек 15 жасар жанкүйер қызбен сүйіскенін айтып ақталды.