Танымал италиялық әнші ақшаға құнығып кеткен қазақстандық қыздар туралы айтты

Танымал италиялық әнші Сон Паскаль Қазақстандағы өмірі, мұндағы адамдардың ой-өрісі, «ағашкалардың» бақытсыз әйелдері туралы айтты. Бұл туралы ол Tengrinews порталының «The Эфир» жобасында айтты.

Қазақстанда өзінің әншілік мансабын дамытып жүрген италиялық әнші бүгінде қазақтардың жаны мен менталитетіне әбден үйреніскен. Ол алғаш келгенде біздің елдегі көптеген жайттарға таңырқай қарап, көп нәрсенің байыбына бармағанын жеткізді. Сонымен бірге, ол жергілікті қыздардың бай жігіттерге назар аударып, олардың көлігі мен материалдық жағдайына көбірек көңіл бөлетінін байқап, таңғалғанын айтты.

«Мұндағы менталитет материалдық жағдайға қарай бейімделген. Қыздар қымбат көліктер мен қалтаға қарайды. Олар үшін бұл өмірдің ләззаты болып көрінеді. Мен көптеген «ағашкалардың» бақытсыз әйелдерін білемін. Меніңше, оларда дұрыс секс жоқ. «Ағашкалар» жаман дегенім емес бұл, олардың жай ғана көңіл бөлуге уақыты жоқ. Махаббат, шығармашылық — бұлар бірінші орында болуы керек. Бірақ байлық емес», — деді ол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий