Танымал тележүргізуші Гульмира Дайрабаева демалыс күндері анасы асқан қазысынан Алла сөзіне ұқсайтын жазуды тауып алған. Бұл туралы ол Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
«Сенбілік дәстүр бойынша ата анамыздың үйінде қонақтамыз… дастарxандағы қазы — құдайдың құдіреті -не жазу екенін түсінбесекте -жақсылыққа болжап отырмыз», — деп жазады Дайрабаева суреттің астында (автордың орфографиясы сақталған — ред.).
Артынша тележүргізуші тағы бір сурет жариялап, әртүрлі пікірлер айтылғанын, барлық оқырмандары мұны жақсылыққа балағанын жазды. Бұл суретпен оның құрбысы, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да бөлісіп үлгеріпті.
Дайрабаева «#общым ол особый қазы желінбегенін» де хабарлап, ерекше қазыны суретке түсіру үшін алдағы күндері анасының үйіне фотограф келетінімен де бөлісті.
[pt_view id=»2216c5d386″]